14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Данияр Елеусінов UFC президентінің бокс промоушенімен келісімшартқа отырды

All Stars Boxing мәлімдеуінше, Данияр Елеусінов UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс промоушенімен келісімшартқа қол қойған алғашқы қазақстандық боксшы атанды.

12 жеңіс пен 7 нокаутқа ие жеңілмеген боксшы — бұрынғы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы өткен жылдың қыркүйегінен бері рингке шыққан жоқ.

Сауд промоутерлерінің қатысуымен құрылған жаңа жоба кәсіби бокстың дәстүрлі жүйесінен ерекшеленеді — қазіргі төрт негізгі ұйымның тәжірибесіне қарамастан, әр салмақ дивизионында тек бір чемпион болады.