13.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Алуа Балкибекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Алуа Балкибекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

50 килограмға дейінгі салмақтағы ширек финалда ол Айсен Ташкинмен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Балкибекова 1/8 финалда Африканың үш дүркін чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері Ясмин Мутакиді жеңген еді.

Алуа Балкибекованың спорттық мансабында әлем чемпионатының күміс және қола медальдары, сондай-ақ Азия чемпионы атағы бар.