Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында жеңіске жетті

Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Елена финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь) 6:4, 4:6, 6:4 есебімен сенімді ұтты.  Титулға барар жолда Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда жарыстың 2-ракеткасы Ига Швентекті, жартылай финалда алтыншы нөмір болып тіркелген Джессика Пегуланы жеңді. Еске сала кетейік, 2023 жылы Елена мен Арина финалда ойнады, онда да матч үш сетте аяқталып, бірақ Соболенконың пайдасына шешілді. Бұл - Елена Рыбакина үшін ТОП-10-ға кіретін ойыншымен болған қатарынан оныншы жеңіс. Сондай-ақ соңғы 21 матчтағы 20 жеңіс, жекелей сында 2022 жылғы Уимблдоннан кейінгі «Үлкен дулыға» турниріндегі екінші және спорттық жолындағы 12-інші титул. Барлық қазақстандықтарды тарихи жеңіспен Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов құттықтады. «Бұл Australian Open Қазақстан үшін тарихи жарыс болды. Үш жасөспірімді қосқанда, біздің ойыншылардың рекордтық қатысуы - ұлттық теннис үшін елеулі жетістік. Елена Рыбакинаның жеңісі оның әлемдік рейтингтің үздік үштіктегі орнын нығайтып, спорттық жолындағы «Үлкен дулыға» турниріндегі екінші титулы болды. Жұптық сында финалға шыққан Анна Данилина және жасөспірімдер арасында Мельбурнда қазақстандықтар арасынан бірінші болып жартылай финалға дейін жеткен Заңғар Нұрланұлы біздің мектептің деңгейі жоғары екендігін көрсетті. Мұндай табыстар жас ұрпақты жігерлендіріп, елде теннистің дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Біздің барлық теннисшілерге халықаралық аренада жаңа жеңістер, тұрақты алға басу және айшықты жетістіктер тілеймін».

Мәліметтер

«Наполи» Италия Суперкубогын жеңіп алды

«Наполи» Италия Суперкубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz. Антонио Контенің командасы кубок матчында «Болоньяны» 2:0 есебімен жеңді. «Наполи» сапында Давид Нерес екі гол соқты. Бұл «Наполидің» 1990 және 2014 жылдардағы титулдардан кейінгі үшінші Италия Суперкубогындағы жеңісі. Италия Суперкубогының жартылай финалында «Наполи» «Миланды» 2:0 есебімен жеңді, ал «Болонья» «Интерді» 2:1 есебімен жеңген болатын.

Мәліметтер

Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» сырт алаңда «Горнякты» жеңді

Қазақстан чемпионаты аясында өз алаңында өткен матчта Рудныйдың «Горняк» хоккей клубы қосымша уақытта «Ақтөбеден» 3:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. Матчтан кейін «Горняк» Қазақстан чемпионатында 28 ұпаймен сегізінші орында тұр, ал «Ақтөбе» турнир кестесінде 17 ұпаймен 9-орында келеді. Ертең командалар екінші матчын сағат 19:00-де өткізеді.

Мәліметтер

«Ұлытау» қақпашысымен келісімшарт мерзімін ұзартады

Қақпашы Дмитрий Непогодов «Ұлытаумен» келісімшарт мерзімін ұзартады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ЭльдарАманбаевқа сілтеме жасап. «Осы маусымдағы статистикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан Премьер-лигасының ең үздік қақпашыларының бірі Дмитрий Непогодов «Ұлытаумен» келісімшартын ұзартады». Өткен маусымда қазақстандық азамат клуб сапында 23 ойын өткізіп, команданың Қазақстан Премьер-лигасында қалуына елеулі үлес қосты. 37 жастағы қақпашының Қазақстан Премьер-лигасында мол тәжірибесі бар. Бұған дейін Непогодов «Тобыл», «Ордабасы» және «Астана» сапында ойнаған», - деп жазды журналист өзінің Telegram арнасында.

Мәліметтер

Дияр Нұрғожайдың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық UFC файтері Дияр Нұрғожайдың (10-2) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz. Танымал инсайдер Марсель Дорффтың айтуынша, Нұрғожай 2026 жылдың 7 наурызында Лас-Вегастағы (Невада штаты) UFC 326 турнирінде октагонға оралады. Қазақстандық файтер бразилиялық Рафаэль Тобиаспен (14-1) кездеседі.

Мәліметтер

Таеквондодан Қазақстан іріктеу чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласында таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 273 спортшы қатысты. Бұл чемпионат іріктеу ретінде өтті. Нәтижесінде үздік атанған спортшылар 2026 жылы халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына қосылады. Ел чемпионатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер 16 салмақ дәрежесі бойынша анықталды. Ерлер 54 келіге дейін 1. Еркебұлан Енсегенов (Алматы қ.) 2. Нұрасыл Сағындық (Түркістан облысы) 3. Теміржан Тасқын (Астана қ.) 4. Асадбек Ключев (Ақтөбе облысы) 58 келіге дейін 1. Жавохирхан Исламов (Шымкент қ.) 2. Асқар Өтеген (Түркістан облысы) 3. Бектөре Оралханов (Алматы қ.) 4. Санжар Исмаил (Алматы қ.) 63 келіге дейін 1. Азим Ниязов (Алматы қ.) 2. Темірбай Нұрдәулет (Жамбыл облысы) 3. Әлихан Ысқақ (Жамбыл облысы) 4. Ақмарат Долгиев (Астана қ.) 68 келіге дейін 1. Дамир Шуленов (Алматы облысы) 2. Сұлтанбек Орынбек (Алматы қ.) 3. Самирхон Абабакиров (Шымкент қ.) 4. Бағжан Қанат (Астана қ.) 74 келіге дейін 1. Елдар Бірімбай (Маңғыстау облысы) 2. Бекасыл Ергеш (Жамбыл облысы) 3. Мақсат Орынбасар (Түркістан облысы) 4. Әнуар Мұхаметкәрімов (Астана қ.) 80 келіге дейін 1. Мерген Ғаниев (Атырау облысы) 2. Батырхан Кусетов (Алматы қ.) 3. Абдурахман Марипов (Шымкент қ.) 4. Альтаир Өмірбеков (Жамбыл облысы) 87 келіге дейін 1. Меир Нұрғазин (Алматы облысы) 2. Нұрлан Мырзабаев (Түркістан облысы) 3. Нұрқанат Қожахмет (Шымкент қ.) 4. Алмас Меллатов (Атырау облысы) 87 келіден жоғары 1. Бауыржан Хасенов (Алматы облысы) 2. Бекарыс Бекенов (ШҚО) 3. Санжар Мырзахмет (Ақтөбе облысы) 4. Бекарыс Нұрғазы (Алматы қ.) Әйелдер 46 келіге дейін 1. Құралай Жамалбекова (Шымкент қ.) 2. Жанель Сұлтанғалиева (Алматы қ.) 3. Рамина Таирова (Алматы қ.) 4. Наргиза Қойшыбекова (Жамбыл облысы) 49 келіге дейін 1. Рита Бакишева (Алматы қ.) 2. Нұрайым Жұмабек (Жамбыл облысы) 3. Аружан Әбдіқадыр (Алматы облысы) 4. Адель Жандильдинова (Қарағанды облысы) 53 келіге дейін 1. Азиза Қаражанова (Жамбыл облысы) 2. Айдана Сүндетбай (Алматы облысы) 3. Аяна Бауыржанова (Жамбыл облысы) 4. Перизат Мергенбаева (Маңғыстау облысы) 57 келіге дейін 1. Тоғжан Қазынабек (Астана қ.) 2. Мария Севостьянова (Атырау облысы) 3. Нұрай Қазынабек (Астана қ.) 4. Ақнұр Жамаубай (Алматы қ.) 62 келіге дейін 1. Камила Аймұқашева (Павлодар облысы) 2. Аида Таукенова (Астана қ.) 3. Айнура Қаржаубаева (Жамбыл облысы) 4. Айша Әділбекқызы (Астана қ.) 67 келіге дейін 1. Аяулым Асқар (Ақмола облысы) 2. Бексұлу Көлбаева (Ақтөбе облысы) 3. Аяулым Асылбекқызы (Атырау облысы) 4. Аяжан Сапархан (Астана қ.) 73 келіге дейін 1. Нұрай Хусайнова (Атырау облысы) 2. Нұрлы Кеңесбек (Қызылорда облысы) 3. Феруза Ергешова (Шымкент қ.) 4. Жанерке Жұман (Жамбыл облысы) 73 келіден жоғары 1. Назым Махмұтова (Түркістан облысы) 2. Меруерт Ткебаева (Ақтөбе облысы) 3. Ақсәуле Ерқасымова (Ақтөбе облысы) 4. Аделина Байдәулетова (Алматы қ.)

Мәліметтер
1 2 3 4 5 6

Футбол

Толығырақ

Бокс

Толығырақ

Теннис

Толығырақ