17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Чжэн Циньвэнь Берлиндегі турнирде Рыбакинамен матчтан бас тартты

Чжэн Циньвэнь Берлиндегі турнирде Рыбакинамен матчтан бас тартты

Әлемнің төртінші ракеткасы Чжэн Циньвэнь Берлиндегі WTA-500 шөп турнирінде өнер көрсетпейді — қытайлық теннисші бастапқы матч алдында жарыстан шығып қалды.

Бірінші айналымда Чжэн әлемдік рейтингте 11-орында тұрған қазақстандық Елена Рыбакинамен кездесуі керек еді. Қытайлық спортшының орнын лаки-лузер — әлемнің 33-ракеткасы америкалық Эшлин Крюгер басты.

Рыбакина мен Крюгер арасындағы матч 17 маусымда Берлин корттарында өтеді. Жүлде қоры 925 661 еуро болатын турнир 22 маусымға дейін жалғасады — жарыстың қазіргі чемпионы америкалық Джессика Пегула, ол өткен жылғы финалда ресейлік Анна Калинскаяны жеңген болатын.