16.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Ига Швентек әлемдік рейтингте құлдырады

Қазақстандық теннисші Ига Швентек әлемдік рейтингте құлдырады

Польшалық теннисші Ига Швентек WTA тікелей рейтингінде тағы бірнеше позиция төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы жартылай финалға шыққан Ролан Гаррос турнирінен бері ойнамай, рейтингте бесінші орыннан сегізінші орынға түсіп қалды. Қазіргі уақытта Швентектің еншісінде 4 618 ұпай бар. Сондай-ақ Ига Берлинде өтетін алдағы турнирге қатыспауға ұйғарды.

WTA жекелей рейтингінің көшбасшысы беларусь теннисшісі Арина Соболенко – оның 11 553 ұпайы бар. Сондай-ақ үздік үштікте америкалық Кори Гауфф (8 083 ұпай) мен Джессика Пегула (6 483 ұпай) бар.

-->