17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Юлия Путинцева Ноттингемдегі турнирдің екінші айналымына өтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Юлия Путинцева Ноттингемдегі турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде №27) Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетіп, екінші кезеңге жолдама алды.

Бірінші айналымда ол WTA рейтингінде 577-орында тұрған жергілікті теннисші Ханна Клагменді жеңді. Кездесу екі сетте аяқталып, Путинцева 6:2, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 9 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева бір эйс жасап, бір қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Қарсыласы эйс тіркемей, төрт қос қате жасап, екі брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды.

Екінші айналымда Путинцева Лаура Зигемунд — Ребекка Шрамкова жұбының жеңімпазымен кездеседі. Турнир шөп жабындысында өтіп жатыр және шілде басында басталатын Уимблдонға дайындық аясындағы жарыстардың бірі саналады.