“Қайрат” клубының фанаттары: жанкүйерлермен мүлдем араласпайды

Аватар Игорь Топорков
Игорь Топорков
zakrytyy

Біраз уақыт бұрын “Спортпульсте” алматылық “Қайрат” Old School Fans жанкүйерлер бірлестігінің өмірі туралы репортаж шықты. Қарағандыдағы стадионда қарсылас жанкүйерлерді қорлайтын лақап аттарымен атап, артынан оның төбелеспен аяқталғаны туралы көңілді әңгіме болды.

Бірақ біздің әңгімеміз тек көңілді әңгімелерден ғана құрылған жоқ. Алдыңғы мақаланың кейіпкерлері Мәке, Баур және Исламмен біз бәсекелестердің “қағаз жүзіндегі” көшбасшылығы, қорлайтын айқайлаулар және “Қайраттың” жанкүйерлермен қарым-қатынасы туралы сөйлестік.

Спойлер: жоқ. Жанкүйерлерге бұл ұнамайды және олар клубқа біздің көмегімізбен сұрақтар қоюды шешті, біз әрине олардың бұл ұсынысынан бас тарта алмадық.

“Қайрат” қағаз жүзіндегі чемпиондарға қарсы

“Қайраттың” үш чемпиондық атағы болды. Сіздің ойыңызша, олардың саны қанша болуы керек еді?

“Қайраттан” екі рет чемпиондық тартып алынды! 2016 жылғы титул біздікі болуы керек еді, бірақ жалпы чемпионаттың көп бөлігін команда өзі беріп қойғанын мойындау керек. “Қайрат” ол әдетте: өз-өзіне қиындықтар туғызады, бірақ оларды еңсере алады ма, жоқ па – ол енді басқа мәселе. Бұл Назарбаев билігінің тұсында болған. “Астанаға” екі атақ сыйланған. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл суррогат клубы, ол жасанды түрде, әкімшілік ресурстар салу жолымен дүниеге келген.

Кеңес үкіметі заманында оларда Целиноградтың “Целинник” командасы болған. Яғни, “Астана” оның құқықтық мирасқоры ма?

Жоқ! Ол өздерінің клубы болған, ал “Астананы” алматылықтар құрды.

Ал “Астана” жанкүйерлері бұған қалай қарайды?

Мен “Астананың” жанкүйерлерімен ешқашан жақын сөйлескен емеспін, бірақ менің білуімше, ескі “Целинниктің” жанкүйерлері “Астананы” мойындамайды. “Целинник” – қазіргі “Жеңіс”, олар осы маусымнан бастап қайтадан ҚПЛ-да ойнауда. “Қайрат” олармен ойнаған кезде Кубок финалы болғаны есімде (2005 жылдың 11 қарашасында “Жеңіс” 2:1 есебімен жеңіске жеткен – ред. ескерт.) , “Жеңіс” баннерін әкелдім (Баур Jenis сөзінде G әрпі ағылшын P әрпі ретінде бейнеленген суретті көрсетеді).

Жарайды, сіздер басқа клубтардың жанкүйерлерімен кездескенде, олардың клубының көшбасшылығы “қағаз жүзінде” екенін айта аласыз ба?

Олар мұны өздері біледі. Айтпақшы,” Қайратқа ” да осындай шағымдар айтылып жатады. Мысалы, 2020 жылы алған атағы үшін. Сол кездері ковидтің кесірінен бүкіл чемпионат Алматыда ойнатылған соң, чемпиондықты командаға берді деп санайтындар бар.

Сіз олай ойламайсыз ба?

Мен, шынымды айтсам, олай ойламаймын.

Егер “Қайрат” болмаса, сол жылы ешқандай чемпионат болмас еді.

ҚПЛ-ды тек біздің арқамызда аяғына дейін ойнады. Мысалы, менің Қостанайдан көптеген достарымның барына қарамастан, “Тобылдың” соңғы чемпиондығына сұрақтарым бар (2021 ж. – ред. ескерт.). Жасанды түрде атағы шыққан команда, көптеген түсініксіз пенальтилер болған.

Ал “Ордабасы”туралы не айтасыз?

Жоқ, мұнда бәрі адал. Олар ойында ең мықтылар қатарынан болды, олар үлкен ұпай айырмашылығымен алдыға шығып кетті. Қалай дегенмен, олардың капитаны Асхат Тағыберген – ұлттық құраманың басты ойыншыларының бірі ғой.

Айтпақшы, біз бәріміз “Астана” немесе “Ақтөбе” емес, “Ордабасы”чемпион болғанын қалаған едік.

Қазақстанда “қалталылар жеңіске жетеді” қағидаты жұмыс істейді ме?

Жалпы, иә. Сол “Ордабасының” титулды жеңіп алуының басты себебі, олар лигадағы ең мықты құрамды жинауға жеткілікті ақшаға ие болды. Ал “Қайраттың” жолы өзгеше.

Қандай?

Өзінің тәрбиеленушілеріне үміт арту. Бұл жақсы жол, жалпы біздің футболдың деңгейін көтереді.

Алдын ала келісілген матчтар мен сатып алынған чемпиондықтарға қайта оралайық. “Қайрат” тарихында осындай ұятты жағдай болды ма?

“Қайрат” – ҚПЛ-дағы ең адал клуб және ол сатылмайды!

Мұнда сізбен келіспеуге болады. Қауесет бойынша, күнәсіз пенде жоқ.

Дәл осылай болды деп айтатын жағдайлар, мысалы, бұл келісілген матч деп айтатындай, “Қайратпен” болғаны есімде жоқ. Бірақ бір “Қайрат” жақсы, ал қалғандарының бәрі жаман деп айтуға болмайды, біз бір арбаға шегілгендіктен, барлығымыз оны сүйреу керекпіз.

Жанкүйерлердің даулы сот шешімдері үшін дайындалған айқайлары бар ма?

Міндетті түрде. Ал, стандартты “төреші — ******* [гомосексуал]”. Айтпақшы, бірде полиция маған бұл айқай үшін жауапқа тартуға тырысты. Мен ешқандай мағынасы жоқ жоқ сөзді айқайлап жатырмын дедім. Ал милиционер ойлаған нәрсе “педераст” деп аталады деген ойда болған (Баурдыкі дұрыс емес, бұл сөз басқа мағынаға ие – ред. ескерт.). Мен оны қатты таңқалдырдым, ол өз жайымен кетіп қалды.

Бұл жағдай түсінікті, ал команданы қолдайтын айқайлар туралы не айтасыз?

“Камчатканың алыс жағалауларынан Кавказ мен Карпат тауларына дейін “Қайраттан” жақсы команда болған емес, ешқашан болмайды да.

Миды шайқап жіберетіні де бар. “Қазақстан кубогының тоғыз дүркін иегері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Халықаралық Қазақстан теміржолшылар кубогының жеңімпазы. Қазақстан Суперкубогының екі дүркін иегері”. Мұның бәрін бір адам айқайлайды, содан кейін бәрі бірге: “алматылық ” Қайрат” деп шулай кетеді!

Басқа клубтардың жанкүйерлерінен “Қайратқа” тиіп кететін айқайларды қайталай аласыз ба?

Жоқ, түбегейлі қарсымын, айтпаймын. Бірақ мен бізге қатысы жоқ күлкілі оқиғаны айтып бере аламын. Жалпы, “Ақтөбе” жанкүйерлері “Ордабасымен” матч барысында шымкенттіктерге тигізіп, өзбек тілінде ән шырқады: мысалы, ол команда құрамында өзбектер көп деген сөз. Бұл олардың намысына тигізу мақсатымен айтылған болатын, бірақ команда чемпион болған кезде “Ордабасы” жанкүйерлерінің өздері бұл әнді шырқай бастады.

"Қайрат" клубының фанаттары: жанкүйерлермен мүлдем араласпайды

Темір тордың артындағы чемпиондық және жанкүйерлердің жабық клубы

Пандемияға оралайық, 2020. Қайраттың арқасында чемпионат өтті дедіңіз. Бәрі жабылған сол жылы қалай біттіңіз?

Жүрекке тиетін жағдай. Біз темір тордың артында тұрып жанкүйер болдық. Стадионға келдік, көруге тырыстық, бізді жан жаққа қудалады, әрине, біз жиналудың жолдарын таптық. Ашық барларда көбінесе біреудің үйінінің жанында болатын.

Чемпиондықты да біреудің үйінде де атап өттіңіздер ме?

Жоқ! Біз стадион жанында болдық. Ойыншылар матч аяқталған соң кубокты алып шықты, біз де қосыла кетіп, бірге жауап бердік. Бұл, әрине, сандырақ жағдай болды. Стадиондарды мүмкіндігінше жабық ұстады: театрларға, киноларға, сауда орталықтарына баруға болатын еді, бірақ футболға баруға болмайтын. 2021 жылы жанкүйерлер стадионға жіберілгенде, “Орталық стадион” орындықтарында “Бекшин, [қорлау], Сенің жағдайың қалай?”. (жанкүйерлер Алматының бас санитарлық дәрігері Жәндәрбек Бекшинге жүгінді, ол қалада ковидтік шектеулерді енгізуге және алып тастауға жауапты болды -ред. ескерт.). Бұл қатал әрекет еді, бірақ адам тыйым салуды жөн көрді, өйткені бұл мәселенің ең оңай шешімі. Ол адам ретінде жақсы кісі, мен онымен көзбе көз сөйлескен едім.

Иә, әңгіме туралы айтатын болсақ. Сізде ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамына қолжетімділік бар ма?

Иә. Бірақ бұрын біздің кездесулерімізді клуб ұйымдастыратын еді, енді бұл аяқ астынан болатын болды. Мысалы, бұрын бұл маусым алдындағы презентация болса, ал қазір біз матчтан кейін қаламыз, егер ойыншыларды ұстап үлгерсек, ондай сөйлесуге де болатын.

Мұны бекітіп алайық. “Қайрат” басшылығы жанкүйерлердің командамен қарым-қатынас жасауына күш салмай ма?

Өкінішке орай, еш әрекет жасамайды. Жаңа басшылық кезінде команда мен жанкүйерлердің бірде-бір кездесуі ұйымдастырылған жоқ. Иә, флэшмобтар, жаңа форманың тұсаукесері болды, бірақ жанкүйерлер ойыншылармен және жаттықтырушылармен сөйлесіп, сұрақтар қоя алатындай кездесулердің бірде-біреуі болған жоқ! Осылай міне, үш маусым өтті.

Бірде біз матч алдында асқар Есімовті ұстап алдық (“Қайраттың” бас директоры – ред.ескерт.). Олар клубпен бірге сапарларды ұйымдастыру туралы сөйлесуге тырысты: көбісі қонақ алаңындағы матчтарында команданы қолдағысы келеді, бірақ бұл үшін әрдайым қаржы бөліне бермейді. Жауап қандай болғанын білесіз бе? “Қалайсыз ба, барыңыз, сізге кім кедергі келтіріп отыр?”

"Қайрат" клубының фанаттары: жанкүйерлермен мүлдем араласпайды
Аскар Есимов

Иә, жарайды, билеттердің бағасы арзан-500 теңге немесе сол шамалас. Бірақ, мысалы, мектеп оқушылары немесе студенттер үшін бұл қымбатқа түсуі мүмкін. Дегенмен, бұл мәселе онда емес. Біз оның қалтасынан ақша сұрауға немесе кеңес беруге келгендей осындай қатаң түрде жауап беру керек болғандығын түсінбеймін.

Біз оған қоса, екінші команданың “Қайрат-Жастар” матчтарына да барамыз. Онда ойыншылар мен негізгі жаттықтырушылар жиі болып тұрады. Соңғы рет Қайрат Боранбаев келгенде біз кездесіп, сөйлестік. Ол қараша айының соңында жанкүйерлермен кездесу ұйымдастырамын деп уәде берді. Бірақ олай болмады, неге — білмеймін.

"Қайрат" клубының фанаттары: жанкүйерлермен мүлдем араласпайды
Кайрат Боранбаев

Футболшылар да, жаттықтырушы да жанкүйерлермен араласқысы келмейді. Бұл түсінікті жағдай. Олар әркім жауап беруден қорқатын қиын сұрақтар қояды. Айтпақшы, Аршавин мен Тимощук қарым-қатынасқа ашық болды. Ал біздің футболшылар болса қаламайды.

Қорқады ма?

Қайдағы, қорықпайды, керісінше менсінбейді. Боранбаевтың заманында да біздің ойыншыларымызбен бұл жағдай орын алған, негіз үшін бір-екі матч ойнайды , болды, бәрі жұлдыз болып кетеді. Бүкіл қалада олардың есімдері жазылған баннерлер орналастырылады.

Есімдерін атай аласыз ба?

Айта аламын, бірақ айтпаймын. Не қажеті бар? Олардың кінәсі емес, бір жарым матч ойнаған адамдармен сұхбаттасуға және олармен баннерлер ілуге кіріседі. Мен сол кезде де айтқан болатынмын, өз ойыныңызды алға жылжытқыңыз келсе, белгілі, аты шыққан ойыншылардың суретін қолданыңыз деген едім: Сегізбаев (Тимур Сегізбаев 1958 жылдан 1970 жылға дейін “Қайрат” сапында өнер көрсетіп, 212 матч өткізіп, 19 гол соқты – ред. ескерт.), Масудов (Вахид Масудов-Қазақстан чемпионы-1992 “Қайрат” құрамында-ред.ескерт.), Пехлеваниди (Евстафий Пехлеваниди – “Қайрат” құрамындағы ең жақсы бомбардирлердің бірі, оның есімі ҚПЛ-дың ең жақсы мергені.ред.ескерт.). Егер қазіргі заманға сай алсақ, Әлібек Бұлешев, Әли Әлиев, бұл, “Қайрат” үшін матчтар саны бойынша рекордшы спортсмен.

Менде “Қайраттың” аудиториямен қалай жұмыс істейтіні туралы көптеген сұрақтар бар. Бұл енді кездесулер туралы емес, әлеуметтік желілер туралы. Медиа офицер бар болса да, жоқ сияқты. Мен күн сайын олардың телеграмм арнасын оқимын, тек кім дүниеге келгені туралы ақпараттан басқа ештеңе жоқ. Сайт қалай жұмыс істейтінін сол бойы түсінбедім, YouTube арнасы да дәл солай.

Ал Қазақстанда аталған жағдайлармен жақсы жұмыс істейтін клуб бар ма?

Мұнда жауап берудің орнына бір оқиғаны айтқаным дұрыс болар. 2017 жылы Алексей Петрушин жаттықтырған “Қайрат” “Ордабасымен” ойнады , сол кезде “Қайрат” чемпион болған соңғы жаттықтырушы еді. Мен онымен бірге суретке түсуге бардым. Онда аккредиттелген журналистер мен “Ордабасы” баспасөз қызметінің қызметкерлері мен онымен фото алғым келетініне таң қалды. Яғни, бұл адамдар өз тобымен аты шулы “Қайрат” жаттықтырушысы жұмыс істейтінін білмейді. Менің ойымша, бұл біздің футбол медиасының жұмыс деңгейін айқын көрсетеді.

Яғни, қорытындылай келе: қазір клубта жанкүйерлермен жұмыс жасалып жатқан жоқ па?

Жоқ, және бұл жағдай ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді. Бұрын тіпті жеке жанкүйерлермен жұмыс жөніндегі маман тағайындалған болатын. Әйтеуір бір қолдау болатын, матчтарға апаратын автобустар, кейде тіпті командамен бірге ұшақпен баратын, бірақ бұл жағдайдың жасалмай жатқанына ұзақ уақыт болды.

Егер біз осы сұрақтардың барлығымен “Қайрат” басшылығына келсек, жауап ретінде не естуіміз мүмкін? Олар ” Сіз оларды тыңдадыңыз, бірақ шын мәнінде оның астарында мынау бар!” деп айтуы мүмкін ғой.

Мүмкін солай деп айтар, айтса айта берсін! Неліктен жанкүйерлермен жұмыс жоқ екендігі туралы нақты жауап берсін. Біз сізге матчтарға баруды ұйымдастыруға көмектеспейміз. Ақша жоқ, өздеріңді қалай ұстау керектігін білмейсіңдер. Біз естиміз, не болмаса түзелеміз, не айтамыз, жарайды, бізге ақша жұмсамаңыз, оны одан да академияға жұмсаңыз.

Олар жай ғана үнсіз отыр.

Мен жалпыға бірдей топырақ шашпай-ақ қояйын. “Қайрат” жанкүйерлеріне ашылмайтын клуб. Олай болмауы керек, еуропалық грандтар дәл осылай жұмыс істемейді. Тіпті Месси мен Роналду да жанкүйерлерімен араласып тұрады.

Мұнда мен футзалдық “Қайратпен”салыстырғым келеді. Онда біз Игитамен де, Дугласпен де араластық. Олар даңдайсымай араласып жүрді.
Мен футболшылардың өздері бұған кінәлі емес екенін түсінемін. Біз тек оның себебін түсінуге тырысудамыз.

Ал бір кездері басқаша болды ма?

Баур: он жыл бұрын бәрі де басқаша болды. Біз команда артынан Астанаға барған едік, мен сол кездегі жаттықтырушы Владимир Вайсспен әңгіме құрдым, ол мені жаттығуға да, автобусқа да кіргізген болатын. Бұл дәл осолай болуы керек, бірақ, өкінішке орай, қазір олай болып отырған жоқ.

Комментарии 0

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вас заинтересует

Вступай в cообщество

Подпишись и получай актуальные новости одним из первых


Нажимая кнопку “Подписаться” вы подтверждаете свое согласие с нашей Политикой конфиденциальности.