Жұман Жұмабеков – соңғы жекпе-жегі және күрестегі табыстың құпиясы туралы

Аватар Игорь Топорков
Игорь Топорков
zhumabekov

Қазақстандық спортшы және Parimatch амбассадоры тапқан жеңілістен қандай сабақ алу керектігін айтып, алдағы UFC 300-ден күтетін үмітімен бөлісті.

Сіздің соңғы жекпе-жегіңізден бері бір ай өтті, эмоциялар басылған шығар. Сіз оны өзіңіз үшін қалай бағалап, қандай қорытынды шығардыңыз?

Иә, соңғы жарыстан бері 1 ай уақыт өтті. Әрине, өкініш бар. Жеңіске жетпегенім, иә, жекпе-жек барысында үшінші раундта сол қателік жіберіп қойдым. Сол қателігім үшін осы жеңіліске ұшырап отырмын, бірақ мұнымен тоқтамаймын. Алда үлкен белестер бар, сол үшін де. Алға қарай басатын боламын. Өзім үшін қателігімді қазір жұмыс жасап, алдағы жекпе-жектерде сол қателіктің болмауына тырысам.

Алдағы айларға қандай кәсіби жоспарларыңыз бар?

Алдағы уақыттарда. Қазір Ораза айы болғандықтан 1 мезгіл жаттығу жасап жатырмыз. Бірақ келесі жекпе-жегім Найзада болмақ немесе менің естуім бойынша Хардкор Алматыда турнир өткізбекші бокстан. Сол турнирден шығып қалуым мүмкін. Бірақ әлі де келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қай промоушен екені белгісіз, Найза немесе Хардкор боксинг.

Балуанның өмірі – үнемі өзін қалпына келтіруден келесі шайқасқа дайындалуға дейінгі жол. Жекпе-жектен қалай тез қалпына келуге болатын құпиямен бөлісе кетсеңіз

Иә, мен бұл спортта 2013 жылы бірінші кәсіпқой жекпе-жекті өткізген болатынмын. Арада 11 жыл өтті. Осы 11 жылдың ішінде менде үлкен демалыс бір-ақ рет болған. Ол кезде қолымды сындырған уақытта және сол 1 жылдай дем алып, 1 жылдан кейін жекпе-жекке шыққан болатынмын. Содан кейін ондай үлкен үзілістер болған емес. Сол себепті менің организмім үйреніп қалған бұндай нагрузкаға. Сол себепті мен көп дем алуды ұнатпаймын өзім. Өйткені сүйікті ісім болғандықтан кейін, әрқашан жаттығу барысында болғанымды жақсы көремін.

Сізде жекпе-жекте жемісті мансап құруға көмектесетін ережелер бар ма? Міндетті түрде жаттығулармен байланысты емес, мүмкін өмірге, қарсыластарға деген көзқарас тұрғысынан

Иә, менің спорттық мансабымды қарайтын болсаңыздар, сәтті және сәтсіз кезеңдер қатар жүреді. Сол себепті, мен ешнәрсеге қарамай осы алға ұмтылып келемін. Көптеген жарақаттар болды. Бірақ енді менің спортқа деген өмірімді алып қарайтын болсаңыздар мен көптеген қиыншылықтардан өткерген адамдардың бірімін. Сол себепті өмірдің ащы тұстарын көп көргендіктен, спорт мен үшін ештеңе емес, бұл жердегі жеңістерді, шыны керек, достойно дейді ғой, көтере аламын. Сол себепті менің еңбекқорлығымның арқасында осындай сәтті кезеңдер көп келеді өзімнің басыма. Сол себепті, ешқандай таң қалатын жәйт емес, көп еңбек ету керек, әрекет ету керек, сол кезде ғана жақсы нәтиже бере аласың. Сол себепті менің өткен өмірімнің және көрген қиыншылықтарым мен үшін үлкен мотивация бұл спортта. Сол себепті сәтті сәттердің осы бір кезеңі осы өткен өмірімнен алатын мотивациялар.

Сәуірде АҚШ-та UFC 300 өтеді. Ондағы қандай жекпе-жектер сіз үшін ең қызықты, олардан не күтесіз?

ЮФС 300-ден күтетін қызықты жекпе-жектердің бірі – ол Джастин Гэтжи мен Макс Холлоуэй жекпе-жегі. Екеуі де өте мықты жауынгерлер, тартысты жекпе-жек көрсететіні сөзсіз. Одан кейін тағы бір жекпе-жектердің бірі Арман Царукян мен Чарльз Оливера, екеуінің арасындағы тартысты жекпе-жек. Тағы да бір жекпе-жектердің бірі – ол, мысалы, орта ауыр салмақтағы Перейра мен американдық спортшы. Сол екеуінің арасындағы жекпе-жек мені қатты қызықтырады. Бірақ қарайтын боламын прямой эфирді, әрине, ЮФС 300 сөзсіз тарихи кард болайын деп тұр.

 

Комментарии 0

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вас заинтересует

Вступай в cообщество

Подпишись и получай актуальные новости одним из первых


Нажимая кнопку “Подписаться” вы подтверждаете свое согласие с нашей Политикой конфиденциальности.