logo-kpl

РАСПИСАНИЕ И РЕЗУЛЬТАТЫ КПЛ

Опера әншісі және актер, оның арқасында “Челси” ойыншылары қазақша сөйледі. Танысып қойыңыздар, Әлімжан Тасболатұлы

Аватар Игорь Топорков
Игорь Топорков
alimzhan 1

Көктемде лондондық “Челси” командасының ойыншылары Тиагу Силва, Марк Кукурелья және Бен Чилуэлл қазақстандықтарды қазақ тілінде наурыз мейрамымен құттықтап, “Рахат” фабрикасының “Қазақстан” шоколадымен түскен видеоны интернет жарып жіберді (не? иә!).

Осының бәрін ұйымдастырған, Әлімжан Тасболатұлы-блогер, комментатор, актер және диплом бойынша опера әншісі (тағы да — не? иә!). Ол Parimatch беттингтік компаниясы үшін әлемнің ең үздік стадиондарынан атмосфералық роликтерді түсіруші автор болып табылады.

Біз онымен келесілер туралы сөйлестік:

• оның алдында”Челси”ойыншылары тұрған сәтте ол не сезінгенін
• Еуропаның ең мықты және ең нашар стадиондары туралы
• кейбір комментаторлардың жұмысында не ұнамайтындығын

Әлімжан Тиаго Сильвамен тамсанып, Дрогба сияқты ойнағысы келді

Сюжет, әрине таңқаларлық: қарапайым қазақстандық жігіттің арманы орындалуда. “Челси” ойыншыларымен қол созым жере тұрып, сөйлесіп, камера алдында оның тапсырмаларын орындайды. Осы сәтте қандай сезімге бөлендің? Қандай эмоциялар болды?

О, бұл керемет сезім! Тиаго Силва көз алдымда тұрғанда, мен ” шынымен бе, бұл сол ма?!” деген ойда болдым. Қобалжи бастадым, өзімді байыпты ұстауға тура келді, өзіме, Әлім жинақтал деп айттым! Бұл жауапты сәт, бүкіл ел үшін арналған контент қой! Содан кейін мен оған мұқият қарап, менің алдымда мен сияқты тірі адам бар екенін түсіндім.

Силва да, Бен Чилуэлл де, Марк Кукурелья да менімен өте мейірімді болды, мен олардан сұрағанымды қуана орындады.

Мұны бәрі білмеуі мүмкін, бірақ сен “Челсидің” жанкүйерісің. Сен бұл команданы, жалпы футболды қалай және қашан жақсы көре бастадың?

Менің футболды жақсы көруіме үлкен ағам себепкер болды. Ол маған көп нәрсені үйретті, оның ішінде футболға деген сүйіспеншілікті оятты. Бес жасымнан бастап, онымен бірге доп қуалай бастадым. Содан кейін ол есейіп, оқуға кеткенде, мен жер үйлі шағын ауданда тұрып, далада футболды, ескі гаражды қақпа етіп ойнайтынмын. Мен әлі де сол жерге барып тұрамын, сол гараж осы күнге дейін орнында тұр!

“Челси” үшін 2003 жылдан бері жанкүйер болып келемін, ол кезде сегіз жаста едім. Бұл Абрамович дәуірінің басталуы еді. Бұл команданың барлық уақытта қайсар мінезі болған, ол ешқашан мойымайды – осы жағынан біз ұқсаймыз.

“Челси” тарихындағы ең сүйікті ойыншың кім?

Дидье Дрогба! Мен ол сияқты ойнауды армандағанмын: допты денемен жабу, қарсыластың айып алаңында бір сәт іздеу, голдарды тойлау.

Соңғы 10 жылдағы кубоктар мен үздік мәртебесіне қарамастан, “Челси” кейде тұрақсыздау болып қалады: қазіргі дағдарыс та, “аңызға айналған” 15/16 маусым да бар. Команданың осындай кезеңдерін қалай өткердің?

Нағыз жанкүйерлер қиын маусымдармен тексеріледі.

Не жағдай болмаса да, мен “Челсиді”, мысалы, “МанСити” немесе “Реалға”айырбастамаймын.

Мен оларды Чемпионшиптен ұшып кетсе де қолдайтын боламын. Әрине, бұл жағдай көңіліме қаяу түсіретіні анық (күледі).

Опера әншісі және актер, оның арқасында "Челси" ойыншылары қазақша сөйледі. Танысып қойыңыздар, Әлімжан Тасболатұлы

Біраз уақытқа артқа шегінейік. Сен блогер, актер және комментаторсың. Өміріңнің қай сәтінде осындай, өнер жолында және “өзіңді камераға көрсетумен” байланысты нәрсені жасағың келетінін түсіндің?

Мен футболшы болуды армандап, осы бағытта жұмыс істедім, бірақ кәсіби мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін жарақат алып, бұл армандарды жайына қалдыруға тура келді. Мектепте ән айтатынмын, вокалдық байқауларға қатысып, оларды республикалық деңгейде жеңіп, халықаралық байқаудың жүлдегері болған едім. Содан кейін Чайковский атындағы музыкалық колледжге оқуға түсіп, опера әншісіне оқыдым! Оны қызыл дипломмен бітірдім, алайда Қазақстандағы опера, өкінішке орай, дамымаған.

Бірақ мен ешқашан тек музыкамен шектелмедім: мен сахнаны, көпшілік алдында өнер көрсетуді жақсы көрдім, Жүргенов атындағы өнер академиясына актер ретінде білім алуға бардым. Онда бакалавриатты қызыл дипломмен тәмамдап, киноға түстім, содан кейін Италияға тағылымдамадан өтуге кеттім. Онда ол стадиондарға барып, әлеуметтік желілері үшін контент түсіріп көрдім. Дәл осы уақытта, Parimatch компаниясы мені байқап қалыпты, енді мен оның YouTube арнасы үшін түсірудемін.

Опера әншісі және актер, оның арқасында "Челси" ойыншылары қазақша сөйледі. Танысып қойыңыздар, Әлімжан Тасболатұлы

Ең үздік стадион — Дортмундта, ең нашары – Италияда

Көпшілік алдында сөйлеуге деген сүйіспеншілік пен футболды қалай біріктірдіңіз?

Мен кәсіби актермін, камера алдында жұмыс істей аламын, ал футболды бала кезімнен тамашалап келемін. Тағдыр деп айтуға болады!

Сен барған ең үздік стадион?

Дортмундтағы “Сигнал Идуна Парк”. Мен әрқашан “Ливерпуль” жанкүйерлерімен бірге You’ll never walk alone әнін айтқым келген, нәтижесінде дортмундтықтармен бірге осы әнді шырқадым. Ол өте атмосфералық болып өтті, матчтың 90 минуты уақытында жергілікті жанкүйерлермен жақын дос болып кеткендей сезімде болдым. Мен Мадридтегі “Сантьяго Бернабеуді” екінші орынға қоямын — керемет атмосферасы бар өте заманауи стадион.

Ең нашары ше?

Мүмкін Веронадағы “Маркантонио Бентегоди”. Бұл өте үлкен стадион (40 000 орын – “Спорт импульс” ескерт.), бірақ өте ескі! Ескі ареналарда жиі кездесетіндей, жүгіру жолы бар және соның салдарынан ойынға көз шалу жағынан нашар. Сондай-ақ, матчпен де сәтсіздікке тап болдым: “Верона” “Специямен” ойнады (1:1), ойынның іш пыстырып жібергені сонша, тіпті он минуттай мызғып алдым.

Сырттан қарағанда, сенің жұмысың бір бітпейтін мереке сияқты көрінуі мүмкін. Әлемді аралайсың, футболға барасың да, одан ләззат аласың. Бірақ әр жұмыстың өзіндік көптеген қиындықтары бар. Бірнеше ақ шаштың себепкері болған влог туралы айтып берсең.

Иә, сырттан бәрі өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ кейде экраннан тыс өте стресстік жағдайлар болып тұрады.

Мен Стамбулға “Бешикташ” – “Фенербахче”матчынан влог түсіруге бардым. Түркияда футболға кіру үшін Passalig ресімдеуіңіз қажет, Fan ID сияқты нәрсе. Оны Түркияда болсаңыз ғана жасай аласыз. Мен матчқа бір күн бұрын ұшып келіп, оны ойын алдындағы түнде ресімдедім. Ресімдеуді жасадым ғой, бірақ мен билеттерді сатып алған делдал оларды маған жібере алмай жүрді. Нәтижесінде ойынға бір жарым сағат қалғанда жіберді!

Бірақ шытырман оқиғалар мұнымен аяқталған жоқ. Стадионға кіру үшін Түркияда Passalig бар-жоғын тексертіп, басып шығарылған билетті беруі үшін кассаға бару керек екен.

Міне, мен дәл осы кассаның алдында тұрмын, ал кассир менде Passalig жоқ деп мәлімдеуде. Мен бұл мүмкін еместігін айып түсіндірудемін, бірақ дәлелдей алмаймын! Passalig пен билеттер менің телефонымдағы интернет жадысында еді, ал интернет жоқ! Нәтижесінде ол матчқа бес минут қалғанда келіссөздер жүргізіп, жағдайды түсіндіріп, стадионға кіре алдым.

Әлімжан мен түсініктеме: Елагинді тамашалады, комментаторлардың тікелей футбол туралы көбірек айтқанын қалар еді

Басқа нәрселермен қатар, сен комментаторсың. Бұл қалай болды?

Маған Sport Plus Qazaqstan арнасының бас редакторы қоңырау шалып, түсініктеме беріп көруді ұсынды, мен келістім. Бірінші матч Франция Кубогының алғашқы кезеңіндегі “Лион” және “Понталье” ойындары болды, тіпті тікелей эфир емес, жазба еді. Менің жұмысым оларға ұнады, содан бастап үнемі түсініктеме беруді бастадым.

Түсініктеме берген матчтың қайсысы есте қалды?

“Астон Вилла” – “Челси”! Сүйікті клубтың матчына түсініктеме беруден үлкен ләззат алдым, бірақ олар 0-0 нәтижесімен ойнады. Азия Кубогындағы Катар-Өзбекстан ойынынан кейін де жақсы пікірлер алдым.

Опера әншісі және актер, оның арқасында "Челси" ойыншылары қазақша сөйледі. Танысып қойыңыздар, Әлімжан Тасболатұлы

Эфирде қателіктер болды ма?

Әзірге жоқ. Кейде қандай да бір сөзді ұмытып қалғаным болмаса, айтарлықтай қателіктер орын алған емес.

Әйгілі комментаторлардың арасынан үлгі алатындары бар ма?

Бір кездері мен Александр Елагинді көп тыңдадым: оны негізінен ресейліктер біледі, бұл 1990-шы жылдардағы АПЛ дауысы. Қазақстандық әріптестерге келетін болсақ, әркімнің өзіндік стилі бар, бірақ мен ешқайсысына еліктегім келмейді, жұрт танитындай етіп, өзімді жеке-дара дамытқым келеді.

Шыныңды айтшы: қазіргі комментаторлардың саған ұнаймайтын ерекшеліктері бар ма?

Енді ұнамайтын деп емес, бірақ… Мен футбол туралы көбірек сөйлесіп, көбірек тыңдауды қалаймын. Тактика, алаңдағы қозғалыс, ойыншылардың күшті және әлсіз жақтары туралы. Олардың мансабындағы кейбір оқиғалар туралы.

дКейбір комментаторлар, өкінішке орай, басқа нәрсеге назар аударады: олар кейінірек “Тик-Токта” хайп жасау үшін қандай да бір айтылған сөзді бұрмалап алуға себеп іздейтін сияқты көрінеді. Мен бұлай істеуге болмайды деп айтпаймын, бірақ бұл тәсіл маған ұнамайды.

Нені армандайсың?

Менің ұлым болғанын қалаймын, ол еуропалық үздік-клубта футбол ойнаса, оны трибунада отырып көрер едім. Ол гол соққанда, бәрі оның (демек, менің) тегін ұрандатар еді. Егер біз қарапайым нәрсе туралы айтатын болсақ – ата-анам аман-есен болғанын, менің керемет отбасым мен балаларым бар болғанын, олар ел мен әлемге жақсылық пен пайда әкелгенін армандаймын.

PariMatch
Adelaide Raiders
Vs.
Campbelltown City

Комментарии 0

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вас заинтересует