19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жуков Қазақстан құрамасына қайта оралуы туралы айтты

«ҚФФ» баспасөз қызметінің хабарлауынша, жартылай қорғаушы Георгий Жуков ұлттық құраманың шақыртуын қабылдады.

«Мен бұл сәтті ұзақ күттім, берілмедім және бұндай күн келетініне сендім. Арманым қайта орындалды. Жаттықтырушылар штабына сенім білдіргені үшін алғысымды айтқым келеді», — деді Жуков.

Ол командадан тыс болған уақытта да Қазақстан құрамасының ойынын мұқият қадағалағанын айтты.

«Өкінішке қарай, Словенияға қарсы сырт алаңда аз ғана жетпей қалдық. Бірақ бұл құраманы әрі қарай дамытуға болады. Болашақта тағы да жолдама үшін күресеміз деп сенемін», — деді футболшы.