03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жойқын жеңіліс: «Барыс» «Трактордан» сегіз шайба жіберіп алды

КХЛ Фонбет чемпионатының матчында Челябінің «Тракторы» өз алаңында «Барысты» 8:0 есебімен тас-талқан етті.

Кездесудің басты кейіпкері Максим Шабанов 5 ұпай жинады (1 гол, 4 пас), ал Александр Кадейкин хет-трик жасады — бір ойында үш шайба салды.

Шығыс конференциясында көш бастап тұрған «Трактор» 62 ойында 86 ұпай жинады. Өз кезегінде, астаналық «Барыс» (61 ойында 31 ұпай) Шығыста соңғы орынды иеленуде. Команда соңғы 33 кездесудің 30-ында жеңілді.

Командалардың келесі матчтары: «Барыс» 6 наурызда «Сібірді» қабылдайды, ал «Трактор» 8 наурызда «Северстальмен» өз алаңында ойнайды.