14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жайна Шекербекова бокстан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп, жарысты аяқтады.

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шекербекова жергілікті спортшы Сара Чирковамен кездесіп, төрешілердің бөлінген шешімімен 4:3 есебімен қарсыласына жол берді.

Бұған дейін қазақстандық боксшы мексикалық Ариадна Жанет Хиль Алонсоны сенімді түрде жеңіп, 5:0 есебімен жартылай финалға жолдама алған еді.

Айта кетейік, Жайна Шекербекова – Қазақстандағы ең тәжірибелі және титулды боксшылардың бірі. Оның еншісінде әлем чемпионатының күміс және екі қола медалі, Азия чемпионатының екі алтыны және Азия ойындарының күмісі бар.