14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жасмин Кизатова әлем чемпионатының ширек финалында жеңілді

Қазақстандық боксшы Жасмин Кизатова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп, жарысты аяқтады.

66 килограмм салмақ дәрежесінде Кизатова ресейлік Альбина Молдажановамен кездесті. Жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Қазақстандық спортшы кездесу барысында екі рет нокдаунға түсті.

Бұған дейін 1/8 финалда Кизатова Кабо-Верде спортшысы Ивануса Морейроны нокдаунға жіберіп, сенімді жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, Жасмин Кизатова – қазіргі Азия чемпионы, ал оның қарсыласы Альбина МолдажановаЕуропа чемпионатының күміс жүлдегері және Ресей чемпионы.