05.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Боб Арум: «Жәнібек Әлімханұлы – қазіргі таңда орта салмақтағы ең үздік боксшы»

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы, атақты Боб Арум қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды British Boxing News.

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 2024 жылдың сәуір айында Астанада француз-конголық боксшы Анауэль Нгамиссенгеге қарсы өз титулдарын сәтті қорғаған болатын.

«Жәнібек Әлімханұлы – ерекше талант және қазіргі таңда орта салмақтағы ең үздік боксшы. Ол Қазақстанда зор қолдауға ие, сондықтан оның чемпиондық атақтарын туған жерінде, жанкүйерлерінің көз алдында қорғағанына біз өте қуаныштымыз. Анауэль — мықты қарсылас, бірақ Жәнібек өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді», – деді аңызға айналған промоутер.