Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Юрий Петухов: «Барысқа тәжірибелі әрі тәуелсіз басшы қажет»

Sports.kz хабарлағандай, Өскеменнің «Торпедосының» бұрынғы вице-президенті Юрий Петухов «Барыс» клубындағы басшылықтың ауысуына қатысты өз пікірін білдірді.

«Қазір астаналық командаға тәжірибелі, білікті басшы қажет. Белгілі бір деңгейде тәуелсіз болуы тиіс. Сонымен қатар, клубқа кем дегенде үш маусымға арналған нақты бюджет пен нақты міндеттер белгіленуі керек. Бірақ, менің ойымша, ақырында тағы да біреудің таңдаулысы келеді де, онда нәтиже де, хоккей де басымдық болмайды», — деді маман.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қазан айында «Барыс» клубының бас директоры болып тағайындалған Нұрлан Оразбаев жуырда қызметінен кетті. Оның басшылығы кезінде команда ҚХЛ тарихындағы ең нашар нәтижелердің бірін көрсетті.

«Барыс» Шығыс конференциясында 12-орын алып, 68 матчта небәрі 35 ұпай жинады.