Оқу уақыты: 1 мин

WBO Усикті Паркермен титулды қорғауға міндеттеді

WBO Усикті Паркермен титулды қорғауға міндеттеді

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) титулды міндетті түрде қорғау туралы шешім қабылдады. Ауыр салмақтағы бірыңғай чемпион Александр Усик (23-0, 14 КО) уақытша чемпион Джозеф Паркермен (36-3, 24 КО) кездесуі тиіс, деп хабарлайды Vringe.com.

Ресми хабарламалар екі боксшының промоутерлеріне — K2 Promotions-тан Александр Красюкке және Queensberry Promotions-тан Фрэнк Уорренге жіберілді. WBO президенті Густаво Оливиери бұл шешімді растады — бұл әр салмақ дәрежесінде бір чемпион болуы туралы ұйым саясатына сәйкес келеді.

Келіссөздер жүргізуге тараптарға 30 күн берілді — келісімге қол жеткізілмеген жағдайда WBO промоутерлік сауда-саттық тағайындайды. Айта кетерлігі, кеше Усиктің командасы Уорреннің промоутерлік компаниясы ұсынған IBF чемпионы Дэниел Дюбуамен келіссөздер процесін бастаған болатын.