Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

WBC рейтингінде қазақстандық боксшылардың позициясы жаңарды

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) сәуір айына арналған жаңартылған рейтингін жариялады. Бірқатар қазақстандық боксшылар өз салмақ дәрежелерінде ілгерілеп, рейтингте жаңа орындарға жайғасты.

Ауыр салмақта Иван Дычко бір саты жоғарылап, 30-орынға көтерілді. Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет 17-орнын сақтап қалса, Әли Ахмедов 27-ші орынға шегінді.

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов рейтинг көшбасшысы болып қала берді. Бұл санаттағы чемпиондық белбеу доминикандық Карлос Адамеске тиесілі. Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов 32-орынға төмендеді.

Жақында өткен кездесулерден кейін Батыр Жүкембаев (Кейн Гарднерді жеңген) 28-орынға көтерілді, ал Сұлтан Заурбек оңтүстік африкалық Азинга Фузилені жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта 16-орынға көтеріліп, айтарлықтай прогресс көрсетті.

Жартылай ауыр салмақта Бекзад Нұрдәулетов рейтингтен шығып қалды. Ал жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов 30-орынды иеленді.