26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Вячеслав Эрбес ҚПЛ-дағы қысқы трансферлік науқан туралы пікір білдірді

Shaiba.kz мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес ҚПЛ клубтарының маусымаралық трансферлік кезеңіне қатысты өз ойын айтты.

«Ашығын айтқанда, бұл кезеңде барлық ойыншылардың қозғалысын мұқият қадағалаған жоқпын. Жаңа легионерлердің деңгейі әлі белгісіз, оларды тек алаңда бағалауға болады. Бірақ өзім жақсы білетін футболшылардың ауысуын атап өткім келеді: Досмағамбетов, Қуат, Ерланов, Шомко, Ғабышев, Шацкий, Заруцкий. Бұл жігіттердің жаңа клубтардағы ойынын бақылау өте қызықты болады», – деді Эрбес.

Айта кетейік, ҚПЛ-2025 маусымы 1-2 наурызда басталады.