19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Владимир Корсунский «Барыстың» ойыны туралы пікір білдірді

Қазақстан хоккей федерациясының бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский «Барыстың» КХЛ-дегі сырт алаңдағы соңғы ойындарын бағалады.

Алғашқы матчта «Барыс» 1:4 есебімен жеңіліп тұрып, «Адмиралды» буллиттер сериясында ұтты. Бірақ кейін «Амур» мен «Сібірден» жеңілді.

«Жігіттер жақсы ойнады, бар күшін салды. Бірақ команданың ойынына белгілі бір тұрақтылық жетіспейді», – деді Корсунский.

Ол қазақстандық хоккейдің басты мәселелерін атап өтті – клубқа көңіл бөлінбеуі, балалар хоккейінің әлсіз дамуы және қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

«Барыс» тұрақты чемпионаттың қалған матчтарында «Ак Барс» және «Салават Юлаевпен» кездеседі. Сарапшы бұл ойындардан бір ұпай алудың өзін жақсы нәтиже деп санайды.