30.01.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Вердер — Майнц: Бундеслига ойынына болжам (01.02.2025)

Вердер — Майнц: Бундеслига ойынына болжам (01.02.2025)

1 ақпанға қараған түні, Астана уақытымен 00:30-да, Бремендегі «Везерштадионда» жергілікті «Вердер» Германия Бундеслигасының 2024/25 маусымының 20-турында «Майнц» командасын қабылдайды.

Турнирлік кестеде бұл екі ұжымды төрт ұпай бөліп тұр. «Вердер» 27 ұпай жинап, тоғызыншы орында келе жатса, «Майнц» 31 ұпаймен алтыншы сатыда орналасқан.

«Вердер» – «Майнц» матчына турнирлік мотивация мен өзара кездесулер тарихын ескере отырып болжам ұсынамыз.

Бұл ойында букмекерлер айқын фаворитті белгілемеген. «Жасыл-ақтардың» жеңісі 2.44 коэффициентімен бағаланса, «карнавалшылардың» жеңісіне 2.87 коэффициент ұсынылған. Тең нәтиженің ықтималдығы 3.60 коэффициентімен белгіленген. Сарапшылар бұл матчта гол көп соғылады деп күтіп отыр: 2.5 тоталдан жоғарыға қойылған коэффициент – 1.79.

Вердер

Қаңтар айында өткізген төрт турда бремендіктер бар болғаны екі-ақ ұпай жинады. Оле Вернердің командасы қорғаныс шебінде бірнеше негізгі ойыншысынан айырылып, қиындыққа тап болды. Алдағы ойында да Никлас Штарк, Феликс Агу және Хулиан Малатини жарақатына байланысты көмектесе алмайды. Қазіргі маусымда дәл қорғаныс «Вердердің» әлсіз тұсына айналды. Команда 19 турда 36 гол жіберіп алды. Салыстыру үшін айта кетсек, «Майнцтың» көрсеткіші бұдан 13 голға аз.

Майнц

Бо Хенриксен баптайтын «Майнц» әлдеқайда жинақы көрінеді. Қаңтар айында команда өз алаңында «Бохум» мен «Штутгартты» бірдей 2:0 есебімен жеңіп, алты ұпай еншіледі. Алайда сырт алаңдағы ойындарда сәтсіздікке ұшырап, «Байерден» (0:1) және «Унион Берлиннен» (1:2) жеңіліп қалды. Қорғаныс шебінде 25 жастағы Мориц Енцтің жетіспеуі сезіледі. Бірақ команда үшін ең үлкен шығын – үздік сұрмерген Йонатан Буркхардтың жарақаты болды.

Статистика және өзара кездесулер

2021 жылдан бері бұл екі команда алты рет кездесті. «Майнц» екі рет жеңіске жетіп, бір матч тең аяқталған. Алайда соңғы үш ойында «Вердер» толық үстемдік көрсетіп, жалпы 7:1 есебімен жеңіске жетті. Осы маусымның алғашқы айналымында бремендіктер сырт алаңда 2:1 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар, қос команданың Бундеслигадағы нәтижелілігіне назар аударсақ, «Вердердің» үйдегі ойындарындағы орташа тоталы – 3.33 гол, ал «Майнцтың» сырт алаңдағы көрсеткіші – 3.56 гол.

Болжам

«Майнц» сырт алаңдағы матчтарын ашық ойын үлгісінде өткізетіндіктен, олардың қатысуымен өтетін кездесулер көбіне нәтижелі болады. Бұл әрдайым оң нәтиже әкелмесе де, жанкүйерлер үшін қызықты. Осыны және өзара ойындардың тарихын ескере отырып, «тотал 2.5 жоғары» (коэффициент – 1.79) бәсін таңдауға болады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!

Узнавайте итоги всех футбольных матчей первыми на нашей странице с Live-результатами