25.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Вашингтон проспектісі WHL-да әсерлі рекорд орнатты

CHL сайтының хабарлауынша, «Вашингтон Кэпиталз» проспектісі Эндрю Кристалл WHL тұрақты маусымын үздік көрсеткіштермен аяқтады. Шабуылшы лиганың үздік сұрмергені атанды.

«Спокан Чифс» командасының жиырма жастағы шабуылшысы тамаша нәтиже көрсетті — 57 ойында 132 ұпай жинап, 48 шайба соғып, 84 нәтижелі пас берді, пайдалылық көрсеткіші «плюс 59» болды.

Кристаллдың жетістігі — WHL-дағы соңғы он жылдағы екінші нәтиже, ол тек өткен маусымда 143 ұпай (71 гол және 72 пас) жинаған Коннор Бедардтан ғана қалып отыр.

Айта кетейік, «Вашингтон» талантты шабуылшыны 2023 жылғы НХЛ драфтында 40-шы нөмірмен таңдап, онымен үш жылдық жаңа келісімшарт жасасқан болатын.