Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Ван Дейк әлемнің үздік орталық қорғаушысы атанды

FourFourTwo мәліметі бойынша ағылшын клубының қорғаушысы Вирджил ван Дейк әлемнің үздік орталық қорғаушыларының рейтингін басқарды.

Басылым сарапшылары үздік-10 орталық қорғаушының тізімін құрастырды онда голландиялық футболшы бірінші орынға ие болды, одан кейін мадридтік «Реалдың» ойыншысы Антонио Рюдигер орналасты.

  • Вирджил ван Дейк (Ливерпуль)
  • Антонио Рюдигер (Реал Мадрид)
  • Вильям Салиба (Арсенал)
  • Габриэл Магальяэс (Арсенал)
  • Алессандро Бастони (Интер)
  • Ибраима Конате (Ливерпуль)
  • Рубен Диаш (Манчестер Сити)
  • Рональд Араухо (Барселона)
  • Маркиньос (ПСЖ)
  • Натан Аке (Манчестер Сити)

Айта кетерлігі үздік-10 тізімге лондондық «Арсеналдың» бірден екі ойыншысы (Салиба мен Магальяэс), сондай-ақ «Манчестер Ситидің» екі өкілі — Диаш пен Аке енді.