03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Вадим Шипачев: «Овечкин Гретцкидің рекордын жаңартады деп сенеміз»

ТАСС хабарлауынша, Минск «Динамосының» шабуылшысы Вадим Шипачев «Вашингтон» капитаны Александр Овечкиннің НХЛ-дегі тарихи рекордқа жақындауына пікір білдірді.

Овечкин қазір НХЛ-да 1470 матчта 884 гол соқты. Лиганың үздік нәтижесі — Уэйн Гретцкиге тиесілі: ол 1487 матчта 894 шайба салған. Яғни, Овечкинге рекордты жаңарту үшін 11 гол қажет.

«Біз Александрдың ойындарын көріп, оның шеберлігіне тәнті боламыз. Командада орыс, беларусь, америкалық және канадалық жігіттер бар — бәріміз Овечкиннің бұл рекордты жаңартарына сенеміз», — деді Шипачев.