Оқу уақыты: 1 мин

Усик — Фьюри жекпе-жегінің промо-бейнесі «Эмми» сыйлығына үміткер

Усик — Фьюри жекпе-жегінің промо-бейнесі «Эмми» сыйлығына үміткер

Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы бокс жекпе-жегінің промо-бейнесі беделді «Эмми» телевизиялық сыйлығына үміткер болды, деп хабарлайды Турки инстаграмы.

Боксшылар бір-бірін өткен-кеткендердің бет-әлпетінен көретін креативті ролик «Үздік жарнамалық анонс» номинациясында жүлдеге таласады. Марапаттау рәсімі 20 мамырға жоспарланған.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында Александр Усик ұзақ күткен қарсыластықта Тайсон Фьюриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.