01.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері олимпиада жүлдегері Назым Қызайбайға құрмет көрсетті

Liter.kz хабарлағандай, Кеңес Одағының Батыры гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің қызметкерлері бокстан үш дүркін әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайды құрметтеу рәсімін ұйымдастырды.

Ефрейтор Назым Қызайбай — ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын дайындау орталығының аға маманы 2014 жылдан бері қызметте. Жақында спортшы Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл жетістігімен оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әміреев спортшыға елімізді және құқық қорғау әскерлерін халықаралық аренада лайықты таныстырғаны үшін алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

«Ұлттық ұлан мені әрдайым қолдап келеді, бұл мен үшін үлкен құрмет және зор ынталандыру. Осындай үлкен және ұйымшыл команданың бір бөлігі болғаныма шынайы мақтаныш сезінемін», — деді Назым Қызайбай.

Спортшы бөлімнің құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырып, қызметтестерімен суретке түсті. Қазіргі жеңісіне дейін Қызайбай 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионы атанған болатын.