23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

UFC London: Шон Брэди Леон Эдвардсты сенсациялық түрде жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

UFC London турнирінде жартылай орта салмақтың бесінші нөмірі Шон Брэди күтпеген жеңіске жетті. Ол бұрынғы чемпион Леон Эдвардсты төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, сенсация жасады.

Америкалық файтер екінші раундтан бастап қарсыласын партерде толықтай бақылауда ұстап, оған шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді. Эдвардс өзін әлсіз көрсетіп, төртінші раундта «гильотина» әдісіне түсіп, жеңілісті мойындауға мәжбүр болды.

32 жастағы Брэди үшін бұл қатарынан үшінші жеңіс болды. Ол 2022 жылы қазіргі чемпион Белал Мухаммадтан нокаутпен жеңілгеннен кейін осы күнге дейін жеңіліссіз келе жатыр. Қазір оның рекорды – 18-1.

Ал 33 жастағы Леон Эдвардс мансабындағы алғашқы уақытынан бұрынғы жеңілісін тіркеді. Оның рекорды – 22-5. Бұған дейінгі жекпе-жегінде ол чемпиондық белбеуден айырылған болатын.

UFC жартылай орта салмағының жаңартылатын рейтингі (өзгерістер сейсенбіде жарияланады):

  1. Леон Эдвардс
  2. Шавкат Рахмонов
  3. Камару Усман
  4. Джек Делла Маддалена
  5. Шон Брэди

11 мамыр күні чемпион «Белал Мухаммад» белбеуін Джек Делла Маддаленаға қарсы қорғайды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!