Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Камару Усман Ислам Махачевтің келесі қарсыласын атады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бұрынғы UFC чемпионы Камару Усман жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Ислам Махачевтің кіммен жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы «Sports24.kz» хабарлады.

«Менің ойымша, Ислам Махачев Джастин Гэтжимен кездесе алады», – деді Усман «Pound 4 Pound with Kamaru & Henry» шоуында.

Қазіргі таңда Гэтжи жеңіл салмақта UFC рейтингінде үшінші орында тұр. Ол ММА-да 31 жекпе-жек өткізіп, 26 жеңіс пен 5 жеңіліс алған. Ал Махачевтің рекорды – 27 жеңіс және 1 жеңіліс.

Бұған дейін UFC Абу-Дабиде тағы бір турнир өткізетіні ресми түрде хабарланған. Бұл кездесу сол жерде өтуі мүмкін.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!