10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«UFC 318» турнирінде АҚШ пен Ресей жауынгерлері кездесуі мүмкін

Белгілі ММА шолушысы Ксавье Лафламм «X» әлеуметтік желісінде «UFC» басшылығына ерекше турнир өткізу туралы ұсыныс жасады.

Сарапшы Филадельфияда өтетін «UFC 318» турнирінде АҚШ пен Ресей спортшылары арасында қарсыластық ұйымдастыруды ұсынды. Алайда, жеңілмеген қазақстандық орта салмақтағы Шавкат Рахмонов қате түрде Ресей құрамасына қосылған.

Лафламм ұсынған жекпе-жек жұптары:

  • Дастин ПорьеИслам Махачев
  • Джамахал ХиллМагомед Анкалаев
  • Колби КовингтонШавкат Рахмонов
  • Шон О’МэллиУмар Нурмагомедов
  • Деррик ЛьюисСергей Павлович
  • Майкл ЧендлерАрман Царукян
  • Кевин ХолландАбубакар Нурмагомедов
  • Бо НикалИкрам Алискеров

Бұл ұсыныс әлі ресми мақұлданған жоқ, бірақ жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін.