08.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«UFC 313» турнирінің барлық қатысушылары салмақ өлшеуден сәтті өтті

«UFC» ресми сайты Лас-Вегастағы «T-Mobile» аренасында өтетін «UFC 313» турнирінің барлық қатысушылары салмақ өлшеуден сәтті өткенін хабарлады.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта чемпион «Алекс Перейра» мен үміткер «Магомед Анкалаев» бірдей салмақ — 205 фунт көрсетті. Сонымен қатар, қосалқы басты жекпе-жекте «Джастин Гэтжи» мен «Рафаэль Физиев» те салмақ өлшеуден өтіп, әрқайсысы 156 фунт көрсетті.

Турнирдің негізгі картасына кіретін жекпе-жектер:

  • Алекс Перейра (205) — Магомед Анкалаев (205) — жартылай ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жек
  • Джастин Гэтжи (156) — Рафаэль Физиев (156) — жеңіл салмақ
  • Джалин Тернер (154.5) — Игнасио Баамондес (156) — жеңіл салмақ
  • Аманда Лемос (116) — Ясмин Лусиндо (115.5) — минималды салмақ
  • Кинг Грин (155.5) — Маурисио Руффи (155.5) — жеңіл салмақ

«UFC 313» турнирі шығыс уақытымен сағат 18:00-де ерте прелиммен басталады, ал негізгі карта 22:00-де басталады.