Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

УЕФА «Реалдың» үш футболшысын тәртіптік жауапкершілікке тартты

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Атлетикоға» қарсы жеңіс матчынан кейін орынсыз әрекеттерге барғаны үшін «Реалдың» үш ойыншысына УЕФА тарапынан тәртіптік шаралар қолданылды.

Антонио Рюдигер, Дани Себальос және Килиан Мбаппе бір жыл сынақ мерзімімен бір матчқа шартты түрде дисквалификацияланды. Сонымен қатар, әрқайсысына ақшалай айыппұл салынды:

  • Рюдигер — 40 мың еуро
  • Мбаппе — 30 мың еуро
  • Себальос — 20 мың еуро

Бұл санкцияларға себеп — матч аяқталғаннан кейін футболшылардың «Атлетико» жанкүйерлеріне бағытталған орынсыз ым-ишараттары. Еске салайық, негізгі уақытта «Реал» 0:1 есебімен жеңіліп, пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!