11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Тур Оман» көпкүндігінің төртінші кезеңінде Улав Коэй жеңіске жетті

Sports.kz хабарлағандай, «Тур Оман» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңінде Team Visma | Lease a Bike командасының өкілі Улав Коэй мәре сызығын бірінші болып кесті.

181,5 шақырымдық жарыс Оман Мұражайынан Оман конгресс-көрме орталығына дейін өтті. Екінші орынды Джакомо Ниццоло (Q36.5 Pro Cycling Team), ал үшінші орынды Орлуис Аулар (Movistar Team) иеленді.

«Астана» командасының велошабандоздары келесі нәтижелерге қол жеткізді:

  • Макс Кантер — 5-орын
  • Ваут Пулс — 48-орын
  • Николас Винокуров — 50-орын
  • Хенок Мулубрхан — 55-орын
  • Антон Чармиг — 56-орын
  • Давиде Тонеатти — 104-орын (+1:24)

Жалпы есепте көшбасшы өзгеріссіз қалды:

  1. Давид Годю (Groupama-FDJ) — 13:28:26
  2. Адам Йейтс (UAE Team Emirates — XRG) — +6 секунд
  3. Дамьен Хоусон — +12 секунд