13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Трубин мен Головин арасындағы шиеленіс: Чемпиондар лигасында тағы қайталанды

«Монако» мен «Бенфика» арасындағы Чемпиондар лигасының плей-офф матчы қарсаңында украиналық қақпашы Анатолий Трубин ресейлік жартылай қорғаушы Александр Головинмен қарым-қатынасындағы шиеленісті тағы бір рет көрсетті.

Бірінші стыктік кездесудің алдында «Бенфика» қақпашысы Трубин Головиннің амандасу үшін созған қолын елемей өтіп кетті.

Бұл жағдай бірінші рет емес, шамамен 3 ай бұрын, топтық кезеңде де Трубин дәл осындай әрекетпен қол алысудан бас тартқан болатын.

Оқиғаға байланысты «Монако» жартылай қорғаушысы Головин: «Боқтың керегі жоқ. Ұмытыңдар» деп қысқаша түсініктеме берді.

Ал Трубиннің әкесі ұлының бұл әрекетіне көңілі толмағанын білдіріп: «Ақымақтық; кешке онымен сөйлесемін!» деп мәлімдеді.

Матч алдындағы бұл шиеленіс командалар арасындағы тартысты одан әрі қыздыра түсеті.