11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Transfermarkt қазақстандық футбол клубтарының құнын бағалады

Transfermarkt мәліметтері бойынша, Қазақстан Премьер-Лигасының он төрт клубының жиынтық құны 72,06 миллион еуроны құрайды.

Нарықтық құны бойынша алматылық «Қайрат» көш бастап тұр — оның құрамы 10,2 миллион еуроға бағаланған. Екінші орында «Астана» 9,7 миллион еуро көрсеткішімен, үздік үштікті «Тобыл» — 8,1 миллион еурмен түйіндейді.

Қазақстандық чемпионат жалпы құны бойынша Өзбекстан Суперлигасынан төмен екені назар аударарлық — 90,79 миллион еуро. Сонымен қатар, көрші елдің ең қымбат клубы «Пахтакор» 12,02 миллион еуроға бағаланған, бұл ҚПЛ көшбасшысының құнынан екі миллион еуроға артық.