08.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Трамп: «2026 жылғы әлем чемпионатындағы шиеленіс турнирді қызықты етеді»

Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ, Канада және Мексика арасындағы саяси және экономикалық шиеленіс 2026 жылғы әлем чемпионатына оң әсерін тигізеді.

«Менің ойымша, бұл турнирді қызықты етеді. Шиеленіс — жақсы нәрсе, ол бәрін әлдеқайда қызықты етеді», — деді АҚШ президенті.

Трамп ФИФА президенті Джанни Инфантиномен кездесуде әлем чемпионатына дайындық бойынша федералдық агенттіктердің жұмысын үйлестіретін арнайы жұмыс тобын құру туралы жарлыққа қол қойды.

Турнирге 48 команда қатысады, ойындар 16 қалада өтеді. Оның он бірі АҚШ-та, екеуі Канадада (Торонто мен Ванкувер), үшеуі Мексикада (Гвадалахара, Мехико және Монтеррей) өтеді. Ашылу салтанаты Мехикодағы «Ацтека» стадионында, ал финал Нью-Джерсидегі «МетЛайф Стэдиумда» өтеді.