20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Тони Паркер НБА-ның Еуропадағы жобасы туралы сөйлесті

НБА-ның төрт дүркін чемпионы және Баскетбол даңқ залының мүшесі Тони Паркер лига басшылығымен Еуропада жаңа жоба құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды L’Equipe.

«Виллербан» клубының президенті Паркер НБА комиссары Адам Сильвер және оның орынбасары Марк Тейтуммен кездесіп, НБА, «Еуролига» және ФИБА арасындағы ықтимал серіктестік мәселесін талқылады.

«НБА маған хабарласты, мен келіссөздерге қатысып жатырмын. Қазіргі жағдай мынадай: не біз «Еуролигамен» келісімге келеміз, не НБА өз жобасын жеке іске қосады», – деді Паркер.

Оның айтуынша, басты мақсат – тарихы бай еуропалық клубтарды сақтап, бірегей жоба жасау үшін күш біріктіру.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!