27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Тимофей Скатов Жирона турнирінде сенімді жеңіске жетті

ATP рейтингінде 175-орында тұрған қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Испанияның Жирона қаласындағы турнирдің бірінші айналымында сенімді жеңіске қол жеткізді.

Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 103-орында тұрған боливиялық Уго Дельенмен кездесіп, 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Скатов турнирдің іріктеу кезеңінен сәтті өтті:

  • Француз Артур Хеанды (305) – 6:2, 7:6 есебімен жеңді.
  • Израильдік Даниэль Цукерманды (609) – 6:0, 6:3 есебімен ұтты.

Келесі айналымда қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 189-орында тұрған молдовалық Раду Алботпен кездеседі.

Турнирдің жүлде қоры – 145 250 еуро, ал жеңімпаз 20 630 еуро мен 100 рейтингтік ұпайға ие болады.