19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Team Spirit» турнирді жеңіспен бастады

Данил donk Крышковец пен оның «Team Spirit» командасы BLAST Open Lisbon 2025 турниріндегі алғашқы матчта «The Huns Esports» ұжымын 2:0 есебімен жеңді.

«Spirit» екі картада да сенімді ойын көрсетті — Anubis картасында 13:8, ал Dust2-де 13:4 есебімен басым түсті. Енді олар жартылай финалда Людвиг Brollan Бролин мен Абдул degster Гасановтың жұбының жеңімпазын күтеді.

BLAST Open Lisbon 2025 жүлде қоры — 400 мың доллар. Турнир екі кезеңде өтеді: топтық кезең Копенгагенде, ал плей-офф Лиссабонда ұйымдастырылады. Жарыста 16 үздік команда чемпиондық атақ үшін таласуда.