Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Team Falcons» Румыниядағы CS2 турнирінің жартылай финалында «FaZe Clan»-ды жеңді

PGL Cluj-Napoca 2025 турнирінің жартылай финалында «Team Falcons» «FaZe Clan» командасын 2:0 есебімен жеңіп, ұйым тарихында алғаш рет ірі турнирдің финалына шықты.

Алғашқы карта Dust2-де «Falcons» 13:11 есебімен жеңіске жетсе, Ancient картасында 13:6 нәтижесімен басым түсті. Босниялық ойыншы Никола «NiKo» Ковач 39 өлтіру және +16 K/D көрсеткішімен матчтың үздік ойыншысы атанды.

Финалда «Team Falcons» «MOUZ» командасымен кездеседі. Бұл шешуші матч бүгін, 23 ақпанда, Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады. Жеңімпаз команда $400,000 жүлдені иеленеді.

Үшінші орын үшін «FaZe Clan» мен «Astralis» командалары бүгін сағат 21:00-де (Астана уақыты бойынша) кездеседі.

PGL Cluj-Napoca 2025 турнирі 14-23 ақпан аралығында өтті, жалпы жүлде қоры $1,25 миллионды құрады.