22.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Синнерге дисквалификация кезінде жаттығуға рұқсат берілді

Il Tennis Italiano мәліметінше, Янник Синнер дисквалификация кезінде жаттығуды қайта бастау үшін ITIA-дан арнайы рұқсат алды.

Әлемнің бірінші ракеткасына 2025 жылдың 13 сәуірінен бастап жаттығуға мүмкіндік берілген, бірақ белгілі бір шектеулермен: ATP, WTA, ITF және ұлттық федерацияларға тиесілі орындарда дайындалуға тыйым салынған.

Еске сала кетейік, Синнер WADA-мен келісім аясында 3 айлық дисквалификацияны (9 ақпан – 4 мамыр) өтеп жатыр. Бұл – бір жыл бұрын анықталған клостеболға оң допинг сынамасының салдары.