20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты UFC белбеуі үшін жекпе-жектен бас тартты

Sports.kz хабарлағандай,  UFC жартылай орта салмақ дәрежесінің екінші нөмірі Шавкат Рахмонов американдық чемпион Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке қатыса алмайтын болды.

Бастапқыда титулдық жекпе-жек мамыр айына жоспарланған-ды алайда бүгін промоушн қазақстандықтың орнына белбеу үшін австралиялық Джек Делла Маддалена жұдырықтасатынын жариялады; жекпе-жек 10-шы мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтеді.

UFC-ге алғашқыда белбеу үшін жекпе-жек мүмкіндігін ұсынғаны үшін үлкен рахмет. Өкінішке орай жарақатыма байланысты мамыр айына дайын болмаймын. Мен жеңімпазбен осы жылдың кейінірек кездесемін!

Айта кетейік, Рахмонов чемпиондық атаққа басты үміткер атанған еді (шамамен екі ай бұрын ирландиялық Иэн Гэрриді сенімді жеңгеннен кейін).