Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Шавкат Рахмонов өзінің командаласы Фаниль Рафиковтың бокстағы дебюті туралы пікір білдірді

Өткен аптада Павлодарда өткен Fight Nights турнирінде Фаниль Рафиков кәсіби бокста алғаш рет ресейлік спортшы Ахмед Алиевпен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Шавкат Рахмонов:

«Фанильмен үнемі жаттығамыз, спаррингке түсеміз. Мен оның стилін, қалай жұмыс істейтінін жақсы білемін. Фаниль — мықты жауынгер, шоу жасағанды ұнатады және жекпе-жектерде өз мінезін көрсетеді. Бұл кездесуде жарақат алса да, бас тартқан жоқ. Барлығымыз оны қолдап жатқанымызды көрді, өзі де жақсы түсінді. Соңына дейін шыдап, ұпаймен жеңді», — деп өз ойымен бөлісті».