Оқу уақыты: 1 мин

Серу Гирасси Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері қатарында

Серу Гирасси Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері қатарында

«Боруссия Дортмунд» шабуылшысы Серу Гирасси Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер тізімінде 10 голмен екінші орында тұр.

28 жастағы гвинеялық футболшының мансабы тұрақсыз болды — алты трансфер жасап, оған клубтар жалпы 45 миллион фунт стерлинг жұмсаған.

Өткен маусымда «Штутгарт» сапында ол жарқырап, 30 матчта 30 гол соқты. Бундеслигада сұрмергендер тізімінде тек Харри Кейннен ғана қалып қойды.

Биылғы маусымда да ол жоғары деңгейде ойнап жүр — «Боруссия Дортмунд» үшін 34 ойында 24 гол соқты.

«Менің осылай ойнауым кейбіреулер үшін таңқаларлық болуы мүмкін, бірақ өзім үшін емес. Екі керемет маусым өткіздім, бірақ ештеңені өзгертпедім. Жоғары деңгейде жетістікке жету үшін тек талант жеткіліксіз екенін түсіндім», — деді Гирасси.