25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Серена Уильямс «Интер Майами» матчында Бекхэмнен ерекше сыйлық алды

Sports.kz мәліметінше, аңызға айналған америкалық теннисші Серена Уильямс «Интер Майами» футбол клубының бірлескен иесі Дэвид Бекхэммен кездесті.

Теннис жұлдызы  «Интер Майамидің» үй матчына келіп, «Нью-Йорк Ситиге» қарсы ойынға куә болды. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Сапар барысында Бекхэм Уильямсқа ерекше естелік сыйлық — бірінші нөмірлі клубтың атаулы жейдесін табыстады.

Айта кетейік, «Интер Майамидің» басты жұлдызы Лионель Месси. 37 жастағы аргентиналық супер-шабуылшы америкалық клуб сапында 41 матч өткізіп, 35 гол соғып, 20 нәтижелі пас берген. MLS-тің жаңа маусымындағы «Нью-Йорк Ситиге»  қарсы алғашқы ойында Месси екі нәтижелі пас беріп, командаластарына ассистенттік жасады.