25.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Себастьян Феттель Льюис Хэмилтонның «Ferrari» құрамындағы жетістігіне сенеді

Формула-1-дің төрт дүркін әлем чемпионы Себастьян Феттель BBC Sounds-қа берген сұхбатында Льюис Хэмилтонның «Ferrari» сапындағы чемпиондық атақ үшін күресіне қолдау білдірді.

Алты маусым бойы «Скудерия» құрамында өнер көрсеткен неміс жүргізуші бұрынғы қарсыласының болашағы туралы өз көзқарасын жеткізді:

«Льюис — өзіне жоғары талап қоятын нағыз жауынгер, сондықтан қазір ол сыртқы шуға емес, нәтижеге жетуге назар аударып отыр», — деді Феттель.

Ол сондай-ақ Хэмилтонмен болған бәсекелестікті есіне алып, оның жоғары деңгейлі қарсылас екенін атап өтті:

«Менің титулды жеңіп алуым сәтсіз болды, себебі сол жерде Льюис болды. Оның қалай өнер көрсететінін көреміз. Мен оны қолдаймын — біз ұзақ уақыт жарыстық және жақсы тіл табысамыз. Ол стартта тұрған ең ашық пилот, ал оның шеберлігі өзі үшін сөйлейді».

Айта кетейік, 2021 жылы Хэмилтонның өзі Феттельмен бәсекелестігін мансабындағы ең сүйікті қарсыластығы деп атаған болатын. Енді неміс жүргізуші британдықтың «Ferrari» сапындағы жетістігіне сенім білдіріп, титул үшін күресте басқа пилоттардың да мықты бәсекелес болатынын жоққа шығармайды.