Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Самат Смақов төрт ойынға шеттетілді

«Сұр CARDINAL» telegram-арнасының хабарлауынша, Қазақстан футбол федерациясы «Жетісу» бас бапкері Самат Смақовты төрт ойынға шеттетті.

Ол ҚПЛ-дің бесінші турындағы «Ордабасыға» қарсы матчта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылғаннан кейін төрешінің жұмысына наразылық білдірген. Бұл әрекеті үшін бапкерге қосымша жаза қолданылды.

«Команда үшін маңызды ойындар алда тұр, ал олар мені шындық үшін шеттетті. Мұны дұрыс деп санамаймын, бірақ жылап, шағымданып, тіпті кешірім сұрамаймын. Иә, 25 сәуірде аңыздар матчында ойнамаймын. Мені барлық афишалардан алып тастасын», — деді Смақов.

«Жетісу» мен «Ордабасы» арасындағы матч 1:0 есебімен шымкенттік команданың пайдасына аяқталған еді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!