14.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Салтанат Меденова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Ресей құрамасының атынан сынға түсіп жүрген этникалық қазақ Салтанат Меденова Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Меденова румыниялық Мария Георгита Чимперумен кездесіп, жекпе-жекті бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.

Бұл жеңіс Меденоваға кем дегенде әлем чемпионатының қола жүлдесін қамтамасыз етті. Бұған дейін ол Француз Полинезиясының өкілі Вероити Долли Ненаны да бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңген еді.