Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Садриддин Ахмедов пен Элиас Эспадас АҚШ-та алғаш рет бетпе-бет кездесті

Бірінші орта салмақтағы жеңілмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 KO) АҚШ-та өткен ашық жаттығу барысында болашақ қарсыласы — мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 KO) алғаш рет бетпе-бет кездесті.

Кездесу Калифорния штатының Коммерс қаласында он күннен кейін өтеді. Бұл жекпе-жек 360 Promotions промоутерлік компаниясының бокс кешіндегі басты оқиға болмақ. Боксшылардың көз түйістіру сәті түсірілген видеоны ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде жариялады.

Айта кетейік, Ахмедов АҚШ-та жиі Геннадий Головкинмен салыстырылады. Бұл кездейсоқ емес — қазақстандық боксшы GGG-дің бұрынғы командасымен жұмыс істеп жүр. Оған жаттықтырушы Абель Санчес, промоутер Том Леффлер және менеджер Олег Германн кіреді.