Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкерімен жұмыс істей бастады

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкерімен жұмыс істей бастады

Boxingscene.com хабарлауынша, қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) танымал бапкер Абель Санчеспен ынтымақтастық орнатты. Бұл маман кезінде Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы ретінде аты шыққан болатын.

Айта кетерлігі, Ахмедов GGG-дің бұрынғы командасына — промоутер Том Леффлер мен менеджер Олег Германнға қосылды. Ал бапкер таңдауына Геннадий Головкиннің өзі ықпал еткен.

«Садриддин маған Геннадий келуге кеңес бергенін айтты. Біз Головкинмен бірге тамаша кезең өткіздік, және оның мен бұл жігітке көмектесе аламын деген сенімі — мен үшін үлкен мәртебе», — деді Абель Санчес.

Тәжірибелі бапкер Ахмедовті бірден титулдық жекпе-жектерге қоспай, біртіндеп дамыту жоспарын ұстанатынын атап өтті.

Садриддиннің келесі жекпе-жегі бірнеше күннен кейін АҚШ-тың Коммерс қаласында өтеді. Онда ол мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) кездеседі.