Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Сабина Алтынбекова: «Шыңырау жағасында тұрмай жақсы болу – әркімнің қолынан келеді»

Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен жанкүйерлерін ойға салды. Ол адам төзімділігі туралы терең пікір білдіріп, мынадай жолдарды жазды:

«Ешбір ер адам да, әйел де сынаққа түспейінше өзінің төзімділік деңгейін білмейді. Мыңдаған адамдар құрметке ие болып өмір сүреді, себебі олар ешқашан шыңырауға жақын келмеген. Ал шыңырау жағасында тұрмай жақсы болу – әркімнің қолынан келеді», — деп жазды спортшы.

Жақында Алтынбекова кәсіпкер Саят Салманұлымен некесін бұзғанын растаған болатын. Ол жеке өмірі туралы әңгімені тоқтатуды сұрап, бұл тақырыпты жапқысы келетінін мәлімдеді.

Өткен маусымда Сабина Индонезияның «Yogya Falcons» клубының намысын қорғады. Спортшы кәсіби мансабын жалғастырып, волейболдан алыстаған жоқ.