25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сабина Алтынбекова маусым қорытындысын жариялады

Танымал қазақстандық волейболшы, Индонезияның «Yogya Falcons» клубының капитаны Сабина Алтынбекова 2024/25 маусымының нәтижелерін қорытындылады. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Біз үздік төрттікке кіре алмадық, сондықтан маусым біз үшін аяқталды. Президент мырза Хэндиге, бүкіл штабқа, жаттықтырушылар мен қыздарға алғыс айтқым келеді. Мен үшін капитан болу және сіздермен бірге ойнау – үлкен мәртебе. Бұл біздің Про-лигадағы алғашқы маусымымыз, және біз өз мақсаттарымызға қол жеткіздік», – деп жазды Алтынбекова.

Өткен жылдың қазан айында «Yogya Falcons» командасына қосылған спортшы қарсыластарына (олардың көпшілігі – олимпиадашылар) және қолдау көрсеткен Индонезия жанкүйерлеріне ерекше алғысын білдірді.

Айта кетейік, Алтынбекова 2024 жылдың желтоқсанында, клубпен келісімшартқа отырғаннан кейін екі ай өткен соң капитандық міндетті өз мойнына алды. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде матчтардан фотоесептермен тұрақты түрде бөлісіп отырады.